Елімізде зергерлік бұйымдар мен сағаттар бір жылда 35% қымбаттаған

0 79

Биылғы жылдың маусым айында Қазақстанда зергерлік бұйымдар мен сағаттардың бағасы 1,8%, ал бір жылда 35,3% қымбаттады, деп хабарлайды Жамбыл инфо,Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның ішінде алтын неке сақиналары жылына 38,9%, қол сағаттары 15,2% қымбаттады. Өңірлік бөліністе зергерлік бұйымдар мен сағаттардың бағасы Солтүстік Қазақстан облысында айтарлықтай өскен – бір жылда 61%.

Қымбат бағалар «үштігінде» Алматы облысы (жылына 60,6%) және Нұр-Сұлтан (жылына 52,5%) қаласы бар. Биылғы қаңтар–мамыр айларында зергерлік бұйымдар өндірісі 478,4 млн теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде көрсеткіш 451,3 млн теңге болған еді.

Өңірлік бөліністе өндірістің ең үлкен көлемі Алматыда (43,3% немесе 207,3 млн теңге) шоғырланған. Алғашқы үштік қатарында Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы бар.

Жалпы, 2021 жылы сектордағы өндіріс 1,6 млрд теңгені құрады. Бұл 2020 жылға қарағанда екі есе көп.

Leave A Reply

Your email address will not be published.