Елімізде жыл сайын 22 мың шала туған бала дүниеге келеді
Елімізде жыл сайын 22 мың шала туған бала дүниеге келеді
Қазақстанда жыл сайын шамамен 22 000 шала туған бала өмірге келеді. Бұл нәрестелер вирустық инфекцияларға, мысалы, РСВ-қа (респираторлық синцитиальды вирус) бейім келеді. ҚР неонаталды көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша стандарттарына сәйкес, мерзімінен бұрын туылған баланың өмірге келген сәттен бастап қорғауға және медициналық көмекке құқығы бар. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс неонатолог маманы Б.Қариннің айтуынша, Қазақстанда шала туу көрсеткіші 5%-ды құрайды.
Астана қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Л.Рамазанованың айтуынша, Қазақстанда неонаталдық және нәрестелік өлімінің негізгі себебі шала туудан болады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда шала туылған балаларды РСВ-дан қорғау бойынша қол жетімді шаралар бар. Қауіп-қатер тобындағы балаларға педиатр немесе пульмонолог кеселдің басталуына дейін және ауру маусымы кезінде жеке көрсеткіштер бойынша РСВ ауыр ағымының алдын алу үшін пассивті иммундауды тағайындай алады.