19 миллионыншы қазақстандықтың отбасына қандай сый берілді?

0 1

Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны болған Жания Азаматқызының отбасына бағалы сыйлықтар табысталды.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев Жанияның үйіне ата-анасын жеке құттықтау үшін барған. Айтулы оқиғаның құрметіне Жанияның отбасына бір миллион теңгенің сертификаты сыйға тартылған. Сондай-ақ, нәрестеге арба, балаға күтім жасауға арналған заттар мен жеміс-жидек салынған себет табысталған.

Сонымен қатар, Жанияның екі үлкен әпкесі де шенеуніктерден смартфон сыйға алған.

Еске салайық, кеше, 3 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының саны 19 миллионға жеткенін хабарлаған болатын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

Кейін он тоғыз миллионыншы қазақстандық қыздың анасы Назгүл Көбентаева Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, баланың қазіргі жағдайы мен қуанышты хабарды қалай қабылдағанын айтып берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.