Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер карантин туралы Қаулыға өзгерістер енгізді

0 64

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова карантиндік шектеу шаралары және оларды біртіндеп азайту туралы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Жаңа Қаулыда:

1) 1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

1) қала маңындағы жолаушылар пойыздарының / электр пойыздарының қозғалысы қайта жанданып, іске кіріссін;

2) 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

1) қалааралық облыс ішінде қатынайтын автобус, шағын автобустар тасымалы қалыпты жұмысына кіріссін;

3) 2-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

4) мәдениет объектілерінің (30 адамнан аспайтын жеке, дайындық топтары), кітапханалардың, мұражайлардың жұмыс істеуіне рұқсат;

5) белгіленген талаптарды ескере және ұжымдық іс-шараларды шектей отырып, діни ұйымдардың (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) қызметіне рұқсат беру;

4) 2-тармақтың 9) тармақшасындағы “бассейндер” деген екі сөз алынып тасталсын;

5) 2-тармақтың 13) тармақшасындағы “кеңселер” деген сөз “кеңселер / орталықтар” деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 2-тармақтың 16) және 17) тармақшаларындағы “бассейндерсіз” деген екі сөз алынып тасталсын;

Қаулының толық мәтінімен  мына арадан  таныса аласыздар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.