Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу ұзартылуы мүмкін

0 56

Армениядан әкелінген автокөліктердің тіркелуін ұзарта ма, жоқ па? Бұл сұраққа Ішкі істер министрлігі жауап берді.

Еліміздің ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында мән-жайды толығырақ тарқатып кетті.

«Тіркеу бойынша тиісті талаптар бар екенін ескере отырып, Үкімет қаулысында тіркеудің нақты мерзімі бекітілген. Тіркеу шаралары 2020 жылдың 1 қыркүйекгіне дейін жүзеге асырылады. Осы мерзімге аталған тіркеу талаптарына жататын барлық көліктер тіркеледі деп жоспарланып жатыр», дейді Серік Түсіпов.

Оның ойынша, азаматтар тарапынан өтінімдер бар екенін, сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті жағынан қайтадан жабдықталған автокөліктерді тіркеу үшін жағдай жасалып отырғанын ескере отырып, өзгертіп жабдықталған автокөліктер үшін мерзімді ұзарту ұсынысын пысықтап жатқанын қосымша атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 20 мамырында ел Үкіметі Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу және ҚР азаматтарының пайдалануы бойынша кейбір мәселелер туралы қаулы қабылдады.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.