Ashyq жобасына қатысатын нысандарға демалыс күні 24:00-ге дейін істеуге рұқсат берілді

0 5

Ashyq жобасына қатысатын бизнес нысандарына бірқатар жеңілдік беріледі. Мұндай шешім Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.

Таратылған мәліметке сәйкес, 28 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес нысандарына демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшыларына — Ashyq қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебесі» (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін рұқсат беріледі.

Ал осы жылдың 30 тамызынан бастап жұмыс күндері: Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес нысандарының жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, Ashyq жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.