Атырау облысында мектепке «бомба қойған» жігіт қамауға алынды

0 7

Атырау облысында мектепке «бомба қойған» жігіт қамауға алынды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше, 3 тамызда 102 операторына «Индербор кентінде орналасқан мектептердің бірінде жарылғыш зат бар» деген хабар түскен.

«Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, күдікті адамды анықтады. Индер ауданының орталығы – Индербор кентіне қонаққа келіп, жалған ақпарат берген Батыс Қазақстан облысының 29 жастағы тұрғынын ұстады» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір жалған хабар берген күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабымен тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Еске сала кетелік, бұдан бұрын 45 жастағы Атырау тұрғыны «сөмкемде бомба бар жарып жіберемін» деп елді қорқытқан.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.