Елорданың ақылы тұрақтарынан түскен табыстың 95 пайызы жеке кәсіпкердің қалтасына кетеді-Б. Жолболдиев

0 38

Елорданың ақылы тұрақтарынан түскен табыстың 95 пайызы жеке кәсіпкердің қалтасына кетеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев айтты.

«Келушілер қандай да бір қосымша шығынға тап болмауы тиіс. Құрылыс нормалары мен ережелерінде ғимаратта жұмыс істейтіндер және оған келушілер көлік түрақтарын тегін пайдалануы тиістігі көзделген. Демек, мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаты бұзылып отыр. Бүгінгі іс-шараға «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ мамандары келіп отыр. Олардың да пікірін тағы бір мәрте тыңдап көрмекпіз. Олар бұған дейін де пікір білдіріп, қайта қарау қажетті жерлер бар екенін айтқан болатын. Табыстың 5 пайызы мемлекетке, ал қалған 95 пайызының жеке кәсіпкерге түсуі де жөнсіздік. Меніңше, жағдай тең емес. Оның үстіне қызмет көрсету жергілікті атқарушы органдардың, бизнес-қоғамдастықтың есебінен жүзеге асырылады. Ірі бизнес орталықтарының меншік иелері де жалған алу мерзімін ұзарту уақыты келген кезде тұрақты алып қойып, жеке серіктестің басқаруына беретіндіктерін де айтып жүр», — деді ол ақылы көлік тұрақтары мәселесі талқыланған жиын аясында.

Палата директоры салада жосықсыз бәсекелестіктің болуы мүмкін екендігін де жоққа шығармады.

«Бірақ, ол үшін барлық мәселе қайдан шығып жатқанын түп-тамырына дейін қарауымыз қажет. Бүгінде барлық құжаттаманы ала алмаймыз. Қазіргі уақытта кәсіпкерлер сотқа берді. Кез келген бизнесмен жобасын іске асырар кезде, оны толықтай зерделейді, әсересе тұрақ орындарының болуына ерекше назар аударады. Өйткені, бұл маңызды рөлге ие. Себебі адамдар келгеннен кейін, көліктерін қалдыруы мүмкін. Ал бүгінде мұндай орындар ақылы болып жатыр. Соған орай олар (бизнесмендер) кірістерін толығымен ала алмайды», — деді Бейсен Жолболдиев.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.