ЭЦҚ қажет болмайды: Қазақстандықтар eGov.kz-ке биометрия арқылы тіркеле алады

18

Кез келген қазақстандық азамат биометрияны қолдана отырып, eGov.kz пайдаланушысы бола алады.

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин үкімет отырысында азаматтардың барлық өтініштерін қарастырғанын атап өтті.

«Қарапайым азамат үшін eGov.kz-ке ауысудың басты қиындықтары — ЭСҚ орнату, мобильді азаматтардың мәліметтер базасында тіркеу. Бұл мәселені шешу үшін портал биометрияны қолдана отырып тіркеуді жүзеге асыраатын болады. Енді eGov.kz-тің пайдаланушысы болу үшін телефонды бетіңе бағыттау керек. Біз оны пилоттық сынақтан өткізіп жатырмыз, осы айдың соңына дейін іске қосуды жоспарлап отырмыз», — деді Мусин.

stan.kz