Елбасы: Көпұлтты халқымыздың мызғымас достығы Қазақстан мемлекеттілігінің басты тірегінің біріне айналды

0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

Қымбатты отандастар!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтаймын! Бұл күн баршамыз үшін татулық пен келісімнің, патриотизмнің символы болып саналады. Тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде еліміз қол жеткізген барлық жетістіктер – Отанымыздың тағдыры үшін ортақ жауапкершілік сезіне білген күллі қазақстандықтардың береке-бірлігінің көрінісі. Көпұлтты халқымыздың мызғымас достығы Қазақстан мемлекеттілігінің басты тірегінің біріне айналды. Біздің мақсатымыз – қажыр-қайратымыз бен ертеңгі күнге деген сенімнің бастауы болған ел бірлігін бұдан да әрі көздің қарашығындай қорғау. Тек татулықтың арқасында ғана біз басымызға түскен сынақтардан сүрінбей өтеміз. Қазақстан халқының ырысты ынтымағы әрдайым жаңа белестерді бағындыруға жол ашады деп кәміл сенемін. Баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.