Елімізде қатты аяз болады

16

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, аяз болады. Республика бойынша кей жерде 6 қаңтарда 40 градус аяз болады.

Синоптиктердің мәліметінше, 6 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысында кей жерде минус 40 градусқа дейін қатты аяз болады. Өскемен мен Риддерде екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдайлар сақталатыны айтылады.

Жамбыл облысында 6-8 қаңтарда, ал Батыс Қазақстан облысында тек 6 қаңтарда тұман түседі.

6 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

egemen.kz