Еліміздің бірнеше өңірінде бұршақ жауып, үсік жүреді

0

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

11 мамырда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, 11-12 мамырда тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады.

Маңғыстау облысының да кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақтауда түнде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15 м/с жетеді.

Ақмола облысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауады.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында күндіз солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.

11-12 мамырда Жамбыл облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. 11-13 мамырда тұман түседі.

Тараз қаласында 12 мамырда найзағай ойнап, бұршақ жауады. 11-13 мамырда кей уақытта тұман түседі. 12-13 мамырда солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады.

11 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде 1 градус үсік күтіледі.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.