Келер жылы әлеуметтік салаға 8 трлн теңге қаржы бөлінеді

0 21

2023-2025 жылдары республикалық бюджеттің негізгі үлесі әлеуметтік салаға бағытталады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.

«Бюджет шығыстарының құрылымын қарайтын болсақ, оның негізгі үлесі әлеуметтік салаға келеді. 2023 жылы әлеуметтік салаға 8 трлн теңге көлемінде қаражат жоспарланды. Шығыстар зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге, білім беру, денсаулық сақтау салаларын, мәдениет және спортты дамытуға, жастарды ынталандыруға бағытталатын болады», — деді Ерұлан Жамаубаев.

Министрдің айтуынша, экономиканың нақты секторын дамытуды қолдауға 2023 жылға 2,1 трлн теңге көзделді.

«Аталған бағыттың басымдықтары – өңдеу өнеркәсібін дамыту, аймақтарда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жалғастыру; кәсіпкерлікті, кіші және орта бизнесті дамыту және қолдау, көлік және газ тасымалдау жүйесін дамыту болып отыр», — дейді Қаржы министрі.

Айта кетейік, Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын таныстырды. Заң жобасы еліміздің 2027 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.