Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өткен тәулікте елімізде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 18 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелгенін хабарлады.
“Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 18 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 31 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 22762, 261 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 4550 жетті”, – делінген хабарламада.