Мүмкіндігі шектеулі жандар жеңілдетілген темір жол билеттерін сатып ала алады

0 10

Ағымдағы жылдың 28 шілдесінен бастап мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жеңілдетілген билеттерді ресми сайттан еgov mobile-дан алынған ЖСН және әлеуметтік ID 6-таңбалы кодты енгізу арқылы онлайн сатып ала алады.

Жобаны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен іске асырды.

www.bilet.railways.kz сайтында жеке кабинеті бар жолаушы сапарға шығатын күні мен вагондағы орынын таңдағаннан кейін, мүгедектігін растау үшін ЖСН, мүгедектігін расстайтын анықтаманың нөмірі және әлеуметтік құжатқа қолжетімділік ашылғаннан кейін EGov mobile қосымшасының «цифрлық құжаттар» сервисінде ID пайда болатын 6 таңбалы код.

Сайтта өз деректерін толтырғаннан және дербес деректерді өңдеуге келісім бергеннен кейін билеттерді сату жүйесі мүгедектік мәртебесін алу үшін «цифрлық құжаттар» сервисіне сұрау салу жібереді. Деректерді тексеру кезінде жолаушының мәртебесі расталады. Бұдан әрі сату жүйесі төлем жүргізу және жол жүру құжатын рәсімдеу үшін таңдалған орынға жеңілдікті қолдануға мүмкіндік береді.

Өткен жылы теміржол билеттерінің 50%-дан астамы онлайн түрде сатылды. Аталған көрсеткішті 2021 жылы арттыруға тырысамыз және мүмкіндігінше көп жолаушылардың билеттерді онлайн сатып алуын қалаймыз. Бұл уақыт пен ақшаны айтарлықтай үнемдейтін ең тиімді әдіс. Сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, мүгедек азаматтардың билет кассаларына бармай-ақ теміржол билеттерін сатып алу процесін жетілдіру туралы шешім қабылданды, — деп атап өтті «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Петер Штурм.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ үшін ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін цифрлық форматтағы қызметтердің қолжетімділігі аса маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Біз мүгедек адамдардың мәртебесін растайтын құжатты өзімен бірге алып жүруінің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз және мүгедек адамның куәлігі eGov mobile қосымшасындағы «цифрлық құжаттар» сервисінде де қолжетімді екенін қуана хабарлаймыз. Бұдан басқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ билеттерді сату жүйесімен интеграциялаудың арқасында жеңілдікті билеттерді рәсімдеу мүмкіндігі іске асырылды. Оны алу үшін BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан билет сатып алғанда, құжатқа қолжетімділікті ашу кезінде қалыптасатын 6 таңбалы код пен ЖСН енгізу жеткілікті, — деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Leave A Reply

Your email address will not be published.