Отандасымыз Miss Asia Internet 2020 байқауында жеңіске жетті

52

Қазақстандық Зарина Загидуллина дауыс беру қорытындысы бойынша Miss Asia Internet 2020 сұлулық байқауында жеңіске жетті.

Miss Asia Internet — интернеттегі танымал сұлулық байқауларының бірі.

Зарина байқауды кездейсоқ біліп, қатысуға шешім қабылдағанын айтты. Бойжеткен Қазақстанның сыртқы сауда палатасында жұмыс істейді, сыртқы экономикалық салада қазақстандық бизнесті ілгерілетуде.

Зарина Қазақстанда тұрақты қан доноры болып табылады және барлық қазақстандықтарды донорлар қозғалысына қосылуға шақырады.

Ол «Қазақстан аруы» байқауында Түркістанды таныстырып, еліміздің ең сұлу 15 қызының қатарына енген.

egemen.kz