Президент «AMANAT»-тың жастар қанатына үндеу жолдады

0 34

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнежазба арқылы «AMANAT» жастар қанатының кезектен тыс VI Съезіне қатысушы делегаттарға құттықтау сөз арнап, ел жастарына арнайы үндеу жолдады, деп хабарлайды Жамбыл инфо, ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Президент үндеуде Жаңа Қазақстанның жастары айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағытты атады. Біріншіден, Мемлекет басшысының айтуынша, болашақтың кілті цифрлық технология мен инновацияда. Екіншіден, жастар адал еңбекті бағалап, рухы биік, санасы сергек болуға тиіс. Жаңа заманның жақсы қасиеттерін бойға сіңіре отырып, жаһанданудың жағымсыз әсерлерін де естен шығармау керек. Мемлекеттік мүдде бәрінен биік тұруы керек екенін айта келіп, Президент әрбір жасты ана тілін, ата дәстүрін, төл тарихын білуге үндеді. Үшіншіден, Қасым-Жомарт Тоқаев туған елге құрмет жалынды сөзден емес, жасампаз істен көрінетінін, алдына мақсат қойған азамат нағыз мемлекетшіл тұлғаға айналатынын ерекше атап өтті.

«AMANAT» партиясының Жастар қанатына «Жастар рухы» деген атау берілгенін айтқан болатынбыз.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.