Қазанның алғашқы күндері ауа райы қандай болады?

35

«Қазгидромет» 1-3 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік өңірлерінің ауа райына Солтүстік-Батыс циклоны әсер ететін болады. Бұл аудандарда жауын-шашын күтіледі, көбінесе жаңбыр түрінде. Тек еліміздің батыс бөлігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады», делінген хабарламада.

Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі.

egemen.kz