Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы рейстер қайта іске қосылды

0 25

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы рейстер «Эйр Астана» әуе компаниясымен Алматы – Бішкек бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілікпен жүзеге асырылады (сейсенбі, жексенбі).

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 3 қыркүйектегі шешіміне сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) картасына сәйкес 2020 жылғы 20 қыркүйектен бастап Қырғызстанға халықаралық рейстер қайта жаңартылады.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы рейстер «Эйр Астана» әуе компаниясымен Алматы – Бішкек бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілікпен жүзеге асырылады (сейсенбі, жексенбі).

Рейстер санитарлық-эпидемиялық талаптарды (термометрия, әлеуметтік дистанция, бетперде режімі және т.б.) қатаң сақтай отырып орындалатын болады.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.