Қазақстан Токио Олимпиадасының трансляциясын 6,25 млн долларға сатып алды

0 30

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Токио Олимпиадасының трансляциясын ұйымдастыруға қанша қаражат жұмсалғанын айтты.

«2021 жылдың 23 шілдесінде Токиодағы (Жапония) XXXII жазғы Олимпиада ойындары трансляциясының лицензиялық құқығын 6 250 000 АҚШ долларына сатып алу бойынша келісімге келді», — деді министрлік өкілдері. 

Олимпиаданың транляциясы бойынша келіссөздер 24 шілдеге дейін жалғасқан. ⠀

Министрліктің хабарлауынша, жапониялық компания көрсетілімге мүмкіндікті 15 миллион долларга сатып алуды ұсынған. Алайда 2016-2018 жылдары Қазақстан дәл осы көрсетілімді 5,1 миллион долларға сатып алған болғандықтан бас тартқан. ⠀

Ақпан айында қазақстандық тарап бағаның төмендетуін сұрап хат жазған. Дегенмен, өтініш жауапсыз қалған. Нәтижесінде Олимпиада басталуға бір күн қалғанда ортақ келісімге қол жеткізген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.