Қазақстанда оқу жылы басталғалы 2,5 мыңнан астам оқушы коронавирус жұқтырған

0 37

«Қазіргі эпидемиологиялық ахуалдың түрін ескере отырып, Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты әуе рейстерінің санын 20-дан 10 рейске дейін азайту туралы шешім қабылданды. Яғни екі тараптың да әуе компаниялары 2020 жылғы 10 желтоқсаннан бастап рейстер санын қысқартады», — деді баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов. Вице-министрдің айтуынша, елде оқу жылы басталғалы оқушылар арасында коронавирус жұқтырудың 2539 жағдайы тіркелген. «Оның ішінде 738 оқушы кезекші сыныпта оқитын балалар болса, 1811 оқушы — қашықтан оқитындар. Қазіргі уақытта өңірлердің әкімдіктерінің жанында 1556 мониторинг тобы жұмыс жүргізуде. Карантин шараларын әлсіреткелі бері (17 тамыздан 8 желтоқсанға дейін) 53 489 рейд жасалып, 215 977 нысан тексерілді. 18 903 нысанның иелері тәртіп бұзғаны анықталды», — деді ол.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.