Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

0 12

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақыны атады. 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 99 921 теңге болды.

Ведомство мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар-шілдесінде республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 478, 9 миллиард теңгеден аса қаржы, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 1 083 миллиард теңге бөлінген.

2021 жылдың шілдесінде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 222,2 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге — 68,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге — 154,1миллиард теңге бөлінген.

2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны — 2 миллион 238 мың адам.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақыны қосқанда) 2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 99 921 теңге болды.

Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр алушыға оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, жеке тағайындалады.

Бұл ретте зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі — МЗЖ) төленген кезеңдер қосылады.

Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.

Өз кезегінде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.