Sabirkin: 4 тілім нан 1600 теңге тұрады

0 48

Sabirkin лақап атымен танымал болған қазақстандық блогер Сабира Жарасқызы еліміздегі туризмді сынға алып, өз парақшасында видео жариялады. Айтуынша, Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан демалыс орындарының сапасы бағасына сай емес:
«Қазақстанда туризмді дамытамыз деп қалай айтамыз? Егер 4 тілім наның 1600 теңге тұрса. Әкімшілік қонақтармен қалай қарым-қатынас жасауды білмейді! Одан да сол ақшаға Түркияда жақсылап демалып қайтуға болады»,-дейді Сабира өз видеосында.
Блогер 4 ересек 2 баланың дәмханадағы түскі асына 90000 тг төлеген. Қарап отырсақ, расымен тым қымбат. Сіз Қазақстандағы туризмге қандай баға бересіз? Төменге пікір қалдырып кетіңіз.

 

Журналист: Лаура Рысбек

Leave A Reply

Your email address will not be published.