Зейнетақы ақшасын автокөлік алуға пайдалану қарастырылуда

10

 

Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігін автокөлік сатып алу мақсатына пайдалануға рұқсат беру ұсынылды. Бұл туралы Astana Motors компаниясының басшысы Нұрлан Смағұлов айтты деп хабарлайды LS ақпараты.

Смағұловтың сөзінше, Қазақстандық автобизнес қауымдастығы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне осы ұсынысын жеткізген. ИИДМ өз кезегінде бұл ұсынысты қарастыру үшін оны ұлттық экономика министрлігіне жолдаған.

БЖЗҚ ақшасын баспанаға ғана емес, Қазақстанда жасалған автокөлікті алуға да жұмсау мүмкіндігі берілсін деген ұсыныс жасадық. Әрине, халыққа ең керегі баспана, бірақ ескі көлігінен әбден шаршаған, немесе қара жаяу жүргендердің тағы бір арманы жаңа көлік. Халыққа көлігін жаңартуға мүмкіндік берілуі тиіс деп ойлаймыз. Бұл идеяны көлік шығарушылар да автокомпаниялар да қолдауы керек, – дейді Смағұлов.