Жамбыл облысында айт намазы 9 шілде таңғы сағат 6:30-да оқылады

0 26

Бұл жылы құрбандық шалу – дәстүрлі түрде, мешітке келіп шалу арқылы жүзеге асады. Биыл арапа — 8 шілде, ал 9 шілде — айттың бірінші күні. Айт намазы Тараз қаласы бойынша 6:30- да оқылады.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев айтты. Оның мәліметінше, бұл жылы құрбандық шалу – дәстүрлі түрде, мешітке келіп шалу арқылы жүзеге аспақ. Осы мақсатта Таразда 2 қасапхана мен бірнеше қасапшылар жұмыс істейді.

«Аллаға шүкір, пандемия сынды сынақты күндер артта қалды. Сондықтан бұл жылы тікелей қасапхана арқылы құрбандық шалуға басымдық беріледі. qurban2022.kz сайты да жұмысын істеп тұр. Ал етті мұқтаж отбасылар тіркелу арқылы ала алады. Етті тарату үшін мешіттерден құрылған еріктілер тобы көмек көрсетпек.

Мешітте айт намазынан соң дәстүрлі киіз үй тігіліп, ұлттық ойындар: қошқар палуан, арқан тартыс, қол күрес, ләңгі сынды ойындар ойнатылады. Ақ дастархан жайылып, үлкен дәрежеде атап өтпекпіз. Ал айттың 2-3 күндері әйелдер жамағатына арналған мерекелік шаралар өтеді» — деп атап өтті дінбасы.

Құрбан айт – отбасы құндылығын арттыратын мереке. Ата-анаға, Құдай қосқан жарымызға, бала-шағамызға арнайы сыйлық беру, жаңа киім әперу – мейрамның сәнін келтіріп, мәнін арттырады. Мұндайда өскелең ұрпақ Құрбан айттың қадірі мен сауабын сезініп, ізгілікке ұмтылады, мерекені асыға күтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.