Жамбылда қаза тапқан маңғыстаулық сарбаздың өліміне қатысты тергеу аяқталды

0 62

«Астана» телеарнасының мәліметінше, онымен әскерде борышын бірге өтеген сарбаз күдікті ретінде қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдіктінің кінәсін дәлелдейтін материал толығымен жиналды дейді.

«Қатардағы жауынгер Қалбайдың қайтыс болуы бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды, яғни мұнда қазіргі жағдайда тараптар істің құжаттарымен танысуда. Содан кейін істі сотқа жіберетін боламыз. Күдікті ретінде оның бірге әскерде бірге жүрген Аманжолов өтіп жатыр. Қазір ол соттың санкциясымен қамауда отыр. Және де істің материалдарымен танысып отыр», – дейді бас әскери прокурордың аға көмекшісі Еркін Қожа-Ахмет.

Еске сала кетейік, Әлібек Қалбай Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде мерзімді әскери қызметке шақырылып, он күннің ішінде қайтыс болды.

Президент әскерде қаза тапқан сарбаздың отбасына көңіл айтып, істің себебін анықтауды тапсырды.

Ал Әлібек Қалбайды өлтірді деген күдікпен ұсталған Айболат Азаматұлының анасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео үндеу жасап, ұлының кінәсі жоқ екенін мәлімдеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.