Жетісу облысында 6 жасар бала трактордың астына түсіп мерт болды. Қайғылы жағдай Алакөл ауданның орталығы Үшарал қаласында болған.
Полицейлер анықтағандай, тракторды 50 жастағы ер адам жүргізген. Ол баланың ата-анасына шөп жеткізген. Ата-анасы үй шаруасымен жүрген кезде 6 жасар бала трактордың тіркегішіне мініп алған.
«Трактор қозғалған кезде бала тіркегіштің дөңгелегінің астында қалған. Қазір аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 104 бабы 1-тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.