Қазақстанның басым бөлігінде үсік жүреді
Синоптиктер ел тұрғындарына ескерту жасады
«Қазгидромет» РМК ел аумағында 19 қыркүейекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронтальды бөлімдердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауса, Республика бойынша жел күшейеді деп күтіледі.
Сондай-ақ, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.