Жаңалықтар

Елорда автобустарында қанша адам билетсіз жүретінін көрсететін жүйе орнатылды

Жеңіс Қасымбек CTS Орталық диспетчерлік қызметінің кеңсесіне барды.

Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram-дағы парақшасында қоғамдық көліктің жұмысы туралы жазды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Әкімнің сөзінше, екі жылда желіге 700-ден астам жаңа автобус шығарылды.

Елорда басшысы Bus Lane енгізу есебінен автобустарды күту уақыты қысқарғанын, ал көліктің орташа жылдамдығы 16 км/сағ дейін артқанын айтты.

Әкімнің сөзінше, CTS базасында көлік басқарудың бірыңғай орталығының тұжырымдамасы таныстырылды.