Жаңалықтар

Елорда күніне байланысты ХҚКО-лар уақытша жұмысын тоқтатады

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ресми түрде мәлімдеді

2025 жылғы 7 шілде – Елорда күніне орай еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО-лар бір күнге өз жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін 8 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары қалыпты жұмыс режиміне қайта оралады.

Айта кетейік, мамандандырылған ХҚКО-ларда көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін алу және басқа да қызмет түрлері көрсетіледі. Ал жалпы ХҚКО-ларда тұрғындар мемлекеттік қызметтердің кең ауқымын – жеке құжат рәсімдеуден бастап, жылжымайтын мүлікке қатысты анықтамалар алуға дейін – пайдалана алады.