Жаңалықтар

Елордада LRT жүйесінің үшінші пойызы эстакадалық жолға көтерілді

Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС-нің баспасөз қызметі хабарлады

Елордада  LRT жүйесінің үшінші пойызы эстакадалық жолға көтерілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

17 қазанда Қабанбай батыр даңғылы бойында «Астана жұлдызы» стелласы маңындағы № 104 пен № 105 станциялары арасындағы жол аймағында LRT жүйесінің үшінші пойызы эстакадалық жолға көтерілді.

Құрам төрт вагоннан тұрады. Оларды көтеру жұмысы LRT жүйесінің сынақ учаскесін кеңейту аясында жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ «18 қазанда сағат 11.00-13.00 аралығында Ш. Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында, № 113 (Министрліктер үйі) және № 114 (Ұлттық музей) станциялар арасындағы аралықта LRT төртінші құрамы қойылады», - делінген хабарламада.