Елордада "Менің атым Қожа" туындысының бас кейіпкеріне ескерткіш қойылды
Елордада "Менің атым Қожа" туындысының бас кейіпкеріне ескерткіш қойылды
Елордада Бердібек Соқпақбаевтың қаламынан туған "Менің атым Қожа" туындысының бас кейіпкеріне ескерткіш қойылды. Қожаның ескерткіші Жетісу саябағында орналасқан. Балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі 1957 жылы жазылды. Ол орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылған. Ал 1963 жылы "Қазақфильм" көрермен назарына повесть желісі бойынша түсірілген фильмді ұсынды.