Елордада полиция ғимаратының терезесі арқылы қашпақ болған бұзақы ұсталып қалды

0 2

Instagram-дағы Астана сергек парақшасында жарияланған видеода ер адамның екінші қабат терезесінен салбырап тұрғанын және оның қолын полиция қызметкері ұстап тұрғанын байқауға болады. Осы оқиға қатысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті түсініктеме беріп, оқиғаның Есіл аудандық полиция басқармасында орын алғанын растады.

«Осы жылдың 22 қыркүйегінде полиция қызметкерлері бұзақылық фактісімен 32 жастағы ер адамды ұстап, Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізген болатын.Ол полиция ғимаратының екінші қабаты терезесінен қашып кетпек болды. Қашу әрекетінің жолы кесілді. Бұзақылық іс-әрекет фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — деді полиция департаментінен.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.