Елордада «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алуға өтінімдер қабылдау басталды

0 82

Биыл 30 грант беріледі, олардың әрқайсысы 3 миллион теңгеден болады. Грантқа 14-29 жас аралығындағы жастар үміткер бола алады.

Гранттар Қазақстан азаматтарына келесі бағыттар бойынша жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде беріледі:

«Ғылым»;

«Мәдениет»;

«Ақпараттық технологиялар»;

«Бизнес»;

«Медиа».

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (қағаз нұсқада) 14 тамызға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» Әкімшілік ғимараты (14-кіреберіс); байланыс телефондары: 8(7172)74-12-78, 8(702-000-88-12).

Электрондық нұсқаны generation.kaz@gmail.com поштасына жіберу керек.

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.