Елордада төрт көлік соқтығысты

0 7

Нәтижесінде ол «Subaru XV» көлігімен соқтығысты. Ал «Subaru XV» инерциямен «Subaru Legacy» және «Chevrolet Malibu» көліктерін соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт азамат зардап шекті. Олардың бәріне медициналық көмек көрсетілді. Екі адам ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Елорда аумағында бір тәулікте 115 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда аса қырағы болып, жол қозғалысы ережелерін сақтауын сұрайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.