Жаңалықтар

Елордадағы "резеңке пәтерлерге" шектеу қойылады

The final spritzer

Енді бір азаматқа тиесілі тұрғын үйдің шаршы метрі нақты белгіленеді. Сонымен қатар, бір мекенжайда белгіленген нормативтен артық адамды тіркеуге тыйым салынбақ.

Үкімет елордадағы "резеңке пәтерлер" мәселесін шешу мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізуді көздеп отыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл шектеулер тек меншік иесі мен оның жұбайының жақын туыстарына қолданылмайды.

Мәжілісте заң жобасын таныстырған Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің айтуынша, ірі қалаларға көшу үрдісі пәтерлерде адамдарды шектеусіз тіркеу проблемасын тудырған. "Тәжірибе көрсеткендей, кейбір пәтер иелері үйінде тұрмайтын жүздеген азаматты тіркеуге қойған жағдайлар кездескен", – деді ол.

Мәселен, Астанада бір ғана пәтерде 800 адамның тіркелгені анықталды. Сондай-ақ, 924 мекенжайда нақты тұрмайтын азаматтардың жаппай тіркелуі тіркелген. Осыған байланысты үкімет заңнаманы қатайтып, жалған тіркеуге тосқауыл қоймақ.