Елордада жастарға жалға беру үшін тағы 250 пәтер сатып алынады

0 2

«Жақында zhilfond.kz сайтында «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасының нәтижесі жарияланды. Өткен адамдар тізімінде барлығы 800 өтінім бар, себебі бүгінгі күні құрылыс басқармасы 800 пәтер сатып алды. Алайда, құрылыс басқармасы осы бағдарлама бойынша тағы 250 пәтер сатып алуды жоспарлап отыр және олар резервтік тізімдегі бірінші түлектерге беріледі. 250 пәтер сатып алынғаннан кейін біз ұялы телефонға смс-хабарлама арқылы резервтік тізімдегі келесі үміткерлерге қосымша хабарлаймыз. Сабыр етулеріңізді сұраймыз» деп жазады басқарма Instagram парақшасында. Жастарды қоныстандыру уақыты мен күні, бағдарлама бойынша өткендерге арналған пәтердің мекенжайы қосымша хабарланады және толық ақпарат сәл кейінірек qatysu.zhilfond.kz порталындағы өтініш берушінің жеке кабинетінде жарияланады. Бағдарлама бойынша қоныстандыру кестеге сәйкес жүзеге асырылады, ол объектілер мен жалдау шарттарының дайын болуына қарай жарияланатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.