Енді мәліметті чиптырнақтан білесіз
Енді мәліметті чиптырнақтан білесіз
Қоғам дамып, заман өзгереді. Бұрын жезтырнақ атанған ертегі кейіпкерін білуші едік. Енді чиптырнақ жайында айтылатын болады. Дубайда ерекше сұлулық салоны жұмыс істейді. Мұндағы мамандар қыз-келіншектердің тырнағын бояп беріп, астына арнайы чип салып береді. Оған әлгі адамның өз қалауы бойынша қажетті ақпаратты енгізіп береді және басқа телефон арқылы әлеуметтік желідегі парақшаларына бірден кіруге болады. Идея авторлары Біріккен Араб Әмірліктеріндегі әзірге жалғыз жобаның болашағы зор деп есептейді. Нұр Мәкәрім, сұлулық салонының негізін қалаушы: – Бастамамызға қызығушылық та, сұраныс та өте жоғары. Келушілер өте көп. Әсіресе, қазіргідей коронавирус кезінде адамдар әлеуметтік қашықтық сақтап, қағазсыз, электронды, цифрлық қызмет алғысы келеді.