Жаңалықтар

Енді сынып жетекшілігі үшін төленетін ақы 30%-ға дейін артуы мүмкін

The final spritzer

Бұл жаңашылдық 220 мыңнан астам сынып жетекшісіне қатысты болады

Елімізде мұғалімдерге сынып жетекшілігі үшін төленетін қосымша ақыны 30 пайызға дейін арттыру мүмкіндігі қаралып жатыр. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Үкімет басшысының сөзінше, оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы кикілжіңдерді шешу үшін 2022 жылдан бастап медиация әдістерін енгізуге бағытталған "100 медиативтік мектеп" жобасы іске асырылып жатыр.