Енді тергеушілерге қылмыстарды ашуға жасанды интеллект көмектеседі

Астанадағы аудандардың бірінде полиция қызметкерлеріне арналған «Тергеушінің цифрлық көмекшісі» атты жасанды интеллект жүйесі енгізілді.
Пилоттық жоба ретінде «Тергеушінің цифрлық көмекшісі» бағдарламасы елорданың Есіл ауданы полиция басқармасының базасында іске қосылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Бағдарламаның басты мақсаты – тергеушілерге қылмыстарды ашуда жәрдемдесу.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының хабарлауынша, ірі деректер базасына негізделген жасанды интеллект тергеу істері арасындағы өзара байланыстарды анықтай алады, болжамдар жасап, тек тергеу жүргізу бойынша емес, қылмыстың алдын алу бағытында да ұсыныстар береді.
Бұл бастама қоғамда «Заң және Тәртіп» қағидатын ілгерілетуге де ықпал етеді, — делінген ведомство мәлімдемесінде.