Жаңалықтар

Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады

Бұл туралы Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

 

Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтің бірі – жеке куәлікті ауыстыру, сәуірдің аяғына дейін онлайн-форматқа ауыстырылады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жаңа өзгеріс қолданысқа енген жағдайда қазақстандықтар:
 
 тек eGov платформасында сәйкестендіруден өтеді; 
 фото мен қолтаңбаны жүктейді;
 онлайн төлем жасайды;
 құжаттың дайын болғаны туралы SMS хабарламаны күтеді.