Жаңалықтар

Енесі келініне «ұрыспашы» деп жалынды

«TiкToк» әлеуметтік желісінде таралып кеткен бейнежазба хит болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Алтынкүлдің тұрмыс құрғанына 20 жылдан асқан. Енесі екеуі тату-тәтті. Тек үйіне келген қонақтардың бірі ене мен келінді қатар отырғызып: «Келініңізге не айтарыңыз бар?» дегенде енесі салған жерден: «Маған ұрыспасын» депті. Мұның сырын Алтынкүл түсіндіруге тырысып, ақталып жатыр: «Мен енеме «жаман көйлекті кимеңіз, әдемі орамал тағыңыз, тамақ ішіңіз» деп ескерткенім болмаса, ұрсып көрмеппін. Енем аңқау адам. Камераны жатырқап, солай деді-ау деймін – деп күлді.