Жаңалықтар

Енесі тәрбие беремін деп, таяқ жегізген түркістандық келін ауруханадан шықты

Ол туралы журналист Гүлмира Әбіқай «Facebook» әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

Енесінің кесірінен өзіне қол жұмсаған Дана жайлы ақпарат желідей желдей есіп тұр. Тұрмысқа шыққалы енесінің тарапынан  психологиялық қысым көріп, ұрғанынан  мезі болған. 1-ші маусым күні таңертең бәрі ұйықтап жатқан сәтте, Дана кішкентай үш баласымен қоштасып, уксус ішіп, естен танады. 3 күн ес-түссіз жатып, есін әрең жиыпты. Дана енді «ол үйге оралмаймын» деп отыр. Енесінің үстінен арыз жазды. @turkistan_polisia  енесіне қатысты  ҚР 105 баппен қылмыстық іс қозғады. Дана кеше ғана ауруханадан шығып, төркініне кетті. Енді тергеу амалдары басталады.