Ерұлан Жамаубаев Ұлттық Банк Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.