Жаңалықтар

Ерасыл Қажыбаев – «Қазақстан барысы - 2024» турнирінің жеңімпазы атанды

Ерасыл Қажыбаев үшінші рет финалға шығып, жеңіс тұғырынан көрінді

Астанада Республика күніне орай, қазақ күресінен өткен «Қазақстан барысы - 2024» республикалық турнирінің жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Турнирдің финалында Шымкенттік балуан Ерсұлтан Мұзаппаровпен Абай облысының балуаны Ерасыл Қажыбаев белдесті. Белдесудің нәтижесінде «Қабанбай» лақапатымен белгілі Ерасыл Қажыбаев қарсыласынан басым түсіп, жеңіске жетті.

Жарыстың қорытындысы бойынша: Ерасыл Қажыбаев (Абай обл.) - 15 000 000 теңге

Ерсұлтан Мазаппаров (Шымкент.қ) - 3 300 000 теңге

Саят Шамшиев (Абай обл.) - 1 080 000 теңге