Ербол Қарашөкеев Нұрдәулет Жұмағалидің ата-анасына құрмет көрсетті
Күні кеше жерлесіміз Парижде Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев XVII жазғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрдәулет Жұмағалидің шаңырағына барып, ата-анасына құрмет көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ербол Қарашөкеев жүзу шеберін тәрбиелеп, қолдау көрсеткен ата-анасы мен жақындарына жамбылдықтардың атынан алғыс білдіріп, ризашылығын жеткізді.
Спортшымыз бойындағы күшті ерік-жігерін, табандылығын таныта отырып, нағыз ер азамат екендігін дәлелдеді.
Ол Паралимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері атанып, айтулы жетістікке жетіп отыр.
Бауырымыз бұйырса 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарында алтыннан алқа тағатынына сеніміміз зор! — деген облыс әкімі спорт шеберінің ата-анасына құрмет көрсетіп, марапаттады.
Өз кезегінде спортшының ата-анасы Мемлекет, облыс басшылығына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.