Жаңалықтар

Ербол Қарашөкеев референдумда өз таңдауын жасады

Облыс әкімі Тараз қаласындағы №35 референдум учаскесінде дауыс берді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев республикалық референдумға қатысып, алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Аймақ басшысы Тараз қаласындағы №35 референдум учаскесінде дауыс берді.

Айта кетейік, облыс бойынша 508 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Жалпы 717 мыңнан аса жамбылдық референдумда дауыс беру құқығына ие.