Жаңалықтар

Ербол Қарашөкеев «Әулеата жастары» бағдарламасы 2025 жылы да жалғасатынын айтты

Әкімнің айтуынша, биыл аталған бағдарлама аясында 140 жас баспаналы болмақ

Жамбыл облысында «Әулеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы 2025 жылы өз жалғасын табады. Бұл жөнінде  Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар алаңында журналистер сұрағына жауап беру барысында айтты,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ербол Шырақпайұлы биыл «Әулие-ата» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға 2 млрд теңге бөлінгенін атап өтті.