Жаңалықтар

Eрке мен RaiM Америкада өтетін концерттерінің билеті нешеден сатылып жатқанын айтты

Билет бағасы 55-75 доллар аралығында сатылып жатыр

Жұлдызды жұп АҚШ-тың төрт қаласында  концерт беруді жоспарлап отыр, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.  

 Концерт Американың Нью-йорк, Чикаго, Лос-Анджелес және Хьюстон қалаларында өтеді. 

Билетті арнайы платформадан алуға болады. 

Өнер иелерінің жазуынша, қазіргі  уақытта «55-75 доллар» деп есептелген билет құны алдағы уақытта қымбаттап кетуі мүмкін екен. 

Еске салайық, әншілердің жеке концерті қыркүйек айының 4, 5, 6,7 – ші жұлдызында өтеді деп жоспарланған.