Ермұхаммед Мәулен: Қазақ футболының маңындағылар үшін қазақ тілі – «жабайылар тілі»

0 86

Қазақ тілі – футбол клубтарындағы басшылар мен менеджер саласында жүрген адамдар үшін сорлылардың тілі.

“Ел футболында қазақ тіліне деген қатты қысым жоқ. Біздің елде орыс тілі кең қолданысқа ие болып кеткен. 90-шы жылардан бері отандық футболға келгендердің бәрі орыс тілді болған. Бүгінде кеңес кезінде өскен азаматтар бапкер болып жүр. Қазір балалар кішкентай кезінен бастап орысша сөйлейді. Кейін өсе келе футбол құрамына алынған кезде де ортасы орыс тілімен жалғасады. Осындай тенденция бар.  Жалпы, Қайсар, Қызылорда, Каспий , Ақтау және Тараз командалары өзара қазақша сөйлеседі. Қалған клубтарымыз тек орыс тілін қолданады. Бұл бұрынан келе жатқан үрдіс”- деді ол журналистке берген сұхбатында.

Сондай-ақ, сұхбат барысында тағы бірнеше сұраққа жауап беріп,өз пікірін білдірді.

– Сіздің ойыңызша, футбол басшылығы қазақ тілі туралы не ойлайды?

– Қазақ тілі футболдағы клубындағы басшылардың және менеджер мен маркетинг саласында жүрген адамдар үшін сорлылардың тілі. Олар қазақ тілді ештеңе шешпейтін, жабайы жанкүйелердің тілі сияқты елестетеді. Мәселен, олар қазақ тілді қоғам біздің “потенциалды клиентіміз емес” дейді. Ал орыс тілінде сөйлесе ол қоғамға маңызы бар адам, әсер  ете алатын адам секілді көреді. Қазақ тілінде сөйлеу  қоғамда еш маңызы жоқ деп ойлайды. Бұл футбол фанаттарының ішінде де солай қалыптасқан. Футбол басшылығы осындай ойда. Әйтпесе, қазақша сөйлеп жүрген Әділет Бисариевті не үшін жұмыстан алып тастайды?

– Мәселені қалай шешуге болады?

– Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы деген ұйым бар. Осы мәселені көтеріп, ол ұйымға хат жазу қажет. Егер ол ұйым басшылығы тиісті заң қабылдайтын болса, бәрі орындалады. Мысалы, футболдағы матч туралы ақпаратты желілерде тек қазақ тілінде жазу керек деген талап қойылуы тиіс. Сонда ғана командалардың тіл мәселесін өзгерте аламыз. Ең болмағанда солай істеу керек.

Тағы бір мәселе, Шымкенттің Ордабасы командасы. Бұл командада әлеуметтік желісімен бірге орысша сөйлейді. Жалпы, Шымкентте орысша білетін адам бар ма деген сұрақ келеді. Олардың бұл қылығын түсінбедім. Ойлаңыздаршы, түсініксіз дүние. Ол клубты та сынадым. Енді инстаграмын шолсам қазақша жаза бастапты әйтеуір.

Дереккөз: Бақ кз

Leave A Reply

Your email address will not be published.